Ардагерлер құрметке бөленген күн — Xnews — ақпарат агенттігі

Ардагерлер құрметке бөленген күн

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл жиын ардагерлерге құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған.

Салтанатты шарада Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс айтты.

– Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгінде тыныш, бейбіт елде өмір сүріп отырмыз. Бұл – тарихтағы аса маңызды жеңіс. Ардагерлерге құрмет көрсету – біздің азаматтық міндетіміз. Жастар сіздерден үлгі алып, елін, жерін сүюді үйренуі керек. Қоғамда патриоттық рухты қалыптастыруда осындай кездесулердің маңызы зор, – деді ол.

Іс-шара барысында ауданның 300 ардагеріне арналған арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік дастархан ұсынылды. Шара аясында Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстар мен Чернобыль апатының ардагерлері аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазіргі таңда Қаратау ауданында 15 мыңға жуық ардагер тұрады. Олардың қатарында 1 Ұлы Отан соғысы ардагері, 161 тыл еңбеккері, 77 Ауған соғысы ардагері және басқа да тарихи кезеңдердің куәгерлері бар.

Жиында 100 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы жастарға тілегін жеткізді.

– Біз майдан даласында жан алып, жан берген заманды көрдік. Сол күндердің өте ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ білуі керек. Бүгінгі бейбіт өмір – ата-бабамыздың, біз көрген буынның жанкешті ерлігінің арқасы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз сіздерге сенеміз, – деді Мұраталы Төлепбергенұлы.

Іс-шарада ардагерлердің ерлігі мен өмірлік жолы жас ұрпаққа үлгі ретінде баяндалып, олардың қайсарлығы мен отаншыл рухы ерекше ілтипатқа ие болды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...