Алматыда түркістандық «Jana lep!» өнерпаздары өнер көрсетті

Алматыда «JANA LEP!» өнер ұжымының гастрольдік сапары өтті. Түркістан облысы мәдениет басқармасы «Конгресс Холл» кешенінің таланттары күні кеше Қанат Жүнісовтің қаламынан туған «Аалғашқы махаббат» комедиясын алматылық көрермендердің назарына ұсынды.

Өнер кешіне қазақ киносы мен театр өнерінің абызы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов арнайы қатысып, шығармашылық ұжымға батасын берді. Ал мекеме басшысы Асқар Кенехан көпшілікке алғысын білдірді.

Инновациялық шығармашылық орталығында өткен спектакльге келген әрбір көрермен алғашқы сезімнің тәтті сәттеріне шомып, кейіпкерлермен бірге жастық шаққа саяхат жасады. Сахнадағы шынайы эмоциялар мен актерлердің шебер ойыны залды ерекше жылылыққа бөлеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, гастрольдік сапардың алғашқы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің сахнасында «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің «Сазды сапан: Түркістан үні» атты концерті өткен болатын.

Қасиетті Түркістанның үнін алып келген бұл кеш көрерменді көне сарын мен заманауи үндестіктің тоғысқан сапарына жетеледі. Домбыра, қобыз, сазсырнай және басқа да ұлттық аспаптардан туған туындылар жүрекке жол тауып, әр тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Бұл сазды сапар – ұлттық өнердің өміршеңдігін, оның бүгінгі буынмен үндесе алатынын дәлелдеген жарқын мәдени оқиға болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Сарыағашта мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 5 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендері ауыз су ...

Түркістан: Сайрамда ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Аудан әкімі Мадияр Оразалиев осы салада ...