3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңа буын ұстаздары даярлануда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты – жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдана алатын білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету. Жаңа форматтағы мектептерде педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыруға басымдық беріледі.
 
«Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагогтер оқытумен қамтылады, бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.
 
Сондай-ақ қазіргі заман талабына сай, заманауи ойлайтын, қажетті білім мен қабілетке ие жас мұғалімдерді тарту үшін аталған мектептердің басшылығы мен жетекші педагогикалық ЖОО арасында ынтымақтастық орнатылады. Бұл мектептерге арнайы дайындалған мұғалімдер тарту мақсатында жасалатын шара.
 
Мектептерді басқару тиімділік, ашықтық және жауапкершілік принциптері бойынша ұйымдастырылады. Директорларды тағайындауда басымдық «Білім беру саласындағы 1000 өзгеріс көшбасшысы» жобасына қатысқан үміткерлерге беріледі.
 
Болашақта бұл мектептер моделі еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептердің дамуына негіз болмақ. Пысықталған стандарттар, әдістемелер және басқару шешімдері бүкіл республика бойынша масштабталатын болады. Бұл күрделі шаруаны жүзеге асыру үшін ұлттық жоба аясында салынған мектептерді басқару жүйесі құрылуда. Аталған құрылым Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрамында болады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі

x

Check Also

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға байланысты шараларды қабылдауды тапсырған болатын. PEFA ...

Қазақстандық ғалым Алексей Кливенкомен сұхбат (видео)

Шәкәрім университетінің ғалымы әрі оқытушысы Алексей Кливенкомен сұхбат — ол алдыңғы қатарлы зерттеулермен айналысады. ❓Оның жұмыс күні қалай өтеді, отбасылық ...