12 мамыр — Халықаралық мейіргерлер күні

Бұл атаулы күн 1974 жылы Халықаралық мейіргерлер кеңесінің бастамасымен бекітілген.

Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Соның 146 мыңы — мейіргер, ал үштен бірі ауылдық жерде еңбек етеді. Бүгінде олардың рөлі едәуір артқан. Өйткені саулығы сыр бергендерге ең алдымен көмекке жететін осы мамандар. Ал алыс ауылдағы мейіргерлер тіпті әмбебап: дүниеге келген нәрестенің күтімі де солардың мойнында. Ауру мен ажалға араша тұрар мейіргерлердің ішінде бірге қызмет ететін ерлі-зайыптылар да бар. Оралдық Дмитрий Лаврик -солардың бірі. Құлақ-мұрын ауруларының маманы қазір зайыбымен бірге бір емханада жұмыс істейді.

Дмитрий Лаврик, мейіргер:
Әйелім екеуміз бірге жұмыс істейміз. Барлығы ұнайды. Бос уақытымызда ортақ әңгіме осы жұмыс. Осы жұмыста әйеліммен таныстым, сосын үйлендім.

© «Astana» телеарнасы

x

Check Also

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын ...