ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қоныс аудару жөніндегі өңіраралық жәрмеңкеге барып, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының, Арнаулы кәсіптік колледждің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметімен танысты.
Өңірге келген вице-министр бірінші ретте Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарынан қатысушыларды тарта отырып, Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырған қоныс аудару жәрмеңкесіне барды.
Асқарбек Ертаев Еңбек министрлігі қазақстандықтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіру тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін 5 жыл мерзімге уақытша пайдалануға алуда жеңілдікті жағдайлар жасалды. Қоныс аударушыларға төленетін субсидиялар банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдындағы несиелік міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалған.
Қандастарды немесе қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтердің электрондық форматына көшу жүзеге асырылды», – деп хабарлады вице-министр.
Ол сондай-ақ шығу және қабылдау өңірлерінің еңбек мобильділігі орталықтарына еңбек күші тапшы өңірлерге көшуге ниет білдірген азаматтардан кеңес беру және өтініш беруге жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.
Бұдан әрі вице-министр өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларымен, Түркістан облысы аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, өңірдің әлеуметтік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Ол өз баяндамасында арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдардың ішкі көші-қон және лицензиялау мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Соңғы бес жылда жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 48,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударды, оның ішінде 14% — ы Түркістан облысынан келді.
Өткен жылдың ортасынан бастап барлық қоныс аударушыларға FSM Social мобильді қосымшасын енгізу арқылы жергілікті қоғамдастыққа бейімделу және интеграциялау қызметтерінің кең спектрі қол жетімді болды. Осы кезеңде 20,7 мың адам бейімдеу және интеграциялық қызметтермен қамтылды», – деді вице-министр.
Асқарбек Ертаев migration.enbek.kz порталының функционалы «Қоныс аудару картасы» модулімен толықтырылғанын айтты.
«Карта қандастар мен қоныс аударушыларға онлайн режимде қоныстану аймағымен, сонымен бірге еңбек нарығындағы ағымдағы бос жұмыс орындарымен, тұрғын үйдің және қолданыстағы инфрақұрылымның болуымен танысуға мүмкіндік береді.
Порталда болу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебі, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауы жүргізіледі», – деді ол.
Асқарбек Ертаев сондай-ақ АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Ол меншік түріне қарамастан мемлекеттік және жеке ұйымдар лицензиялауға жататынын атап өтті.
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін әркелкі жағдайлар жасауға қатысты Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда АӘҚ көрсету сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды белгілейтінін түсіндіремін. Осылайша, талаптар барлық ұйымдар үшін бірыңғай болып табылады», – деп түйіндеді Асқарбек Ертаев.
Жұмыс сапары аясында вице-министр Еңбек мобильділігі орталығына барып, онда халықты жұмыспен қамту және ішкі көші-қон мәселелері бойынша қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Асқарбек Ертаев сондай-ақ Түркістан облысының арнаулы кәсіптік колледжінің қызметімен танысты, ол 15-35 жас аралығындағы I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдарға 3 мамандық бойынша кәсіби білім береді: бухгалтер-аудитор, тігінші, ақпаратты цифрлық өңдеу жөніндегі маман.
Сонымен қатар, вице-министр №1 және №6 «Самғау» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына барды. Мекемелерде психикалық және физикалық кемістігі, алкогольге немесе есірткіге тәуелділігі бар психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарға АӘҚ ұсынады.
Жұмыс сапарының соңында Асқарбек Ертаев тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 50 орындық жаңа орталықтықтың құрылыс барысымен танысты.