Түркістандық оқушылар үзіліс кезінде ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығы жоғары. Онда шәкірттер садақ ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру, арқан тарту мен тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерімен айналысады.

Білім ордасының директоры Айгүл Бабашеваның бастамасымен құрылған «Орда» жобасының балаларға берері көп. Басты мақсат- оқушылар арасында ауызбіршілік пен ұлттық құндылықтарға деген ынтаны арттыру.

Оқушылар ұлттық спорт түрлерінен ғана емес, зияткерлік сайыстары мен мәдени іс-шараларда да белсенділік танытып келеді. Оқу жылының соңында әр бірлестіктің ұпай сандары жинақталып, ең жоғары ұпай жинағанына «Орда» кубогы мен еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттауға жолдама табыс етілмек. Сондай-ақ, тоқсандағы жетістіктері үшін де әр бірлестікке мәдени орталықтарға билеттер беріледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...