Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді

2-6 сәуір аралығында Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартты ескек есу каналында байдарка мен каноэде есуден ересектер арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Бұл жарыс 8-10 мамыр аралығында Қытайдың Наньчан қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.

Жарысқа еліміздің 11 облысынан ең мықты ескекшілер қатысты. Түркістан облысының намысын 18 спортшы қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша облысымыздың ескекшілері 35 медаль жеңіп алды. Оның ішінде қоржынға 17 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль түсті.

Осы чемпионатта байдаркадан әйелдер арасында Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық жасөспірімдер мен спорт мектебінің спортшысы Ольга Шмелева абсолютті чемпион атанды. Ол 1000, 500 және 200 метр қашықтықта 7 алтын медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында жекелей және екілік байдаркада 500 метр қашықтықта Бекарыс Раматулла екі алтын медаль еншіледі. Екілік байдаркада және төрттікте (микс) екі алтын жүлдеге Артем Терещенко қол жеткізді. Әйелдер арасында төрттік байдаркада екі алтын медальға Альбина Халикова мен Татьяна Гладкова ие болды. Ал екілік каноэде 1000 метр қашықтықта және жекелей каноэде 200 метр қашықтықта екі алтын жүлдені Ульяна Киселева олжалады. Ерлер арасында Полат Туребеков 2 алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында облысымыздан Ольга Шмелева, Бекарыс Раматулла, Артём Терещенко, Полат Туребеков және Ульяна Киселева бақ сынайды.

Бейресми командалық есепте Түркістан облысының командасы 1-орынды сенімді түрде жеңіп алды. Шымкент қаласының командасы екінші, Қарағанды облысының командасы үшінші орынды еншіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті

Түркістанда етті және майлы қой түрлерінің V халықаралық көрмесі өтті. «Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, ...

Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде IBF рейтингіндегі 7-орындағы француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді.  ...