Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай және ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан қатысты.

Сахна төрінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі өнер көрсетті. Кеш барысында қазақ музыкасының алтын қорына енген жауһар туындылар орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара соңында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сөз сөйлеп, Секен Кәрімұлына құрмет көрсетті. Кеш көрермендері әсем ән мен күмбірлеген күй тыңдап, мың бұралған ұлттық биді тамашалады.

Айта кетейік, бұл концерт Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен, Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер ...

В Келесе прошла осенняя акция по посадке деревьев «Посади бесплатный саженец»

В центре Келесского района в селе Абай прошла осенняя акция «Посади бесплатный саженец». В акции приняли участие сотрудники районного акимата, ...