Түркістан: Ордабасыдағы шалғай елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан, Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырымды құрайтын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, биыл толық аяқталса, мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар “Темірқазық” ЖШС құрылыс мекемесі Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді.

Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда жылына 10 млн метр джинсы матасын өндіретін зауыттың капсуласы салынды

Түркістан облысының экономикалық ахуалын жақсарту, өңірге инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін осы мақсатта Түркістанда ...

Түркістанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық ән байқауы өтті

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан келген, ...