Түркістан: Ордабасыдағы шалғай елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары қарқын алған

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан, Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырымды құрайтын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, биыл толық аяқталса, мамыр айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар “Темірқазық” ЖШС құрылыс мекемесі Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді.

Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...