Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты.

«Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты ҚР Ішкі Істер Министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, республика көлемінде бір айлық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараға жалпы 447 полиция қызметкерлері, 105 білім саласының мамандары, 41 қоғам белсенділері мен еріктілер қатысуда. Профилактикалық шара — жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде әлімжеттіктің алдын алу мақсатында анонимді сауалнамалар жүргізілді. Іс-шараның алғашқы бес күндігінде 424 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 415 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды»,- деді спикер.

Спикердің сөзінше, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 12 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған. Сондай-ақ, биылғы жылдың 3 айында жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 27,8 пайызға төмендеген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың тамақтану жүйесіне жаңа стандарттар енгізіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім министрлігі бірлесіп ғылыми деректер, халықаралық ұсынымдар негізінде мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Аталған стандарт ...

Түркістан облысында биыл 16 жағажай қызмет көрсетті

Түркістан облысы аумағында жыл басынан түрлі жағдайларда 55 адамның суға кету жағдайы тіркелді. Оның ішінде 25-і кәмелет жасына толмаған балалар. ...