Түркістан облысында биыл 1100 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында биыл 1100 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді

Биыл облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласында жалпы 1103 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Жыл қорытындысымен 547 шақырымы пайдалануға беріледі деп көзделген. Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдардың 293,5 шақырымы жол құрылыс-жөндеу жұмыстарынан өтіп, 105,6 шақырымы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 159,5 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 57,5 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, елді мекен көшелеріндегі 480,9 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл қорытындысымен 418,3 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 140 елді мекендегі 389,7 шақырым көшелер жөнделуде. Нәтижесінде биыл жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар– 3 983 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым, елді мекен көшелері — 11 305 шақырымды құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...