@TazaQazBot телеграм-чат-ботына 16 мыңнан астам өтінім түсті — Xnews — ақпарат агенттігі

@TazaQazBot телеграм-чат-ботына 16 мыңнан астам өтінім түсті

Ең көп өтініштер Алматы, Астана және Түркістан облыстарының тұрғындарынан түскен. Ұлытау, Павлодар және Атырау облысы тұрғындарының белсенділігінің төмендігі байқалады.

Егер қалдырылған өтінім бойынша жұмыс сапасыз атқарылған жағдайда, платформада шағым беру функциясы бар. Чат-бот іске қосылғаннан бері 527 шағым түсті, олардың көпшілігі аумақтардағы тазалық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне, қоқыстарды уақтылы шығармауына және жолдардың нашар жағдайына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, @TazaQazBot телеграм-чат-ботын Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың маусым айында қоршаған орта жағдайына қоғамдық бақылауды арттыру және азаматтарды экологиялық проблемаларды шешуге қатысу мақсатында іске қосты.

Платформа еліміздің тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым берудің қарапайым және ыңғайлы тетігін ұсынады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті.

Өтінімдер автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Орындаушылар жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесепті тіркеуге міндетті. Ал оны жолдаған азамат орындалу барысы туралы хабарлама алады және көрсетілген қызметтің сапасын бағалай алады.

@TazaQazBot чат-ботын енгізу арқылы экологиялық процестердің ашықтығын, жеделдігін бақылай аламыз және азаматтар да осы мәселелерді шешуге қатыса алады.

Платформа қоршаған ортаның ластануына және экологиялық нормаларды бұзуға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...