Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөз» флешмобы бастау алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөз» флешмобы бастау алды

Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 алғыс сөз» флешмобы бастау алды. Аталған флешмобқа қала жастары, спорт және мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Флешмобқа қатысушылар Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы посттар мен мақалалар, бейне жазбалар мен фотоларды әлеуметтік желілерге жариялау арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына деген зор алғысы мен құрметін көрсетті.

Олар ата-бабаларымыздың сұрапыл соғыс кезіндегі көзсіз ерлігі мен жанқиярлығының арқасында бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылыққа, даму мен өркендеуге қол жеткізгенімізді ерекше атап өтіп, өздерінің ізгі тілектері мен ықыластарын білдірді.

Шымкентте Жеңістің 80 жылдығын атап өту бойынша жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Бүгінде Шымкент қаласында 2 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1586 тыл еңбек ардагері, 166 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагер, 70 соғыс ардагерінің жесірлері және 170 қаза тапқан әскери қызметшілер бар.

Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде 1994 адамға мерекеге орай жалпы сомасы 147,1 млн теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бұдан өзге, соғыс және тыл ардагерлеріне әкімдік пен кәсіпкерлер тарапынан түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп, қайырымдылық шаралар ұйымдастырылауда. Осы және өзге де жұмыстар жыл бойы жалғасады.

Қала жастары Шымкенттен бастау алған флешмоб ары қарай Қарағанды және Ақтөбе өңірлеріне жолдады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...