Шымкент: Көксай шағынауданында 9 отбасы жаңа қонысқа көшті

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын тағы 9 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағынауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің жалпы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

x

Check Also

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Түркістан облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, кезекте тұрған ...

«Базарда сауда жасап жүрмін» — Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент ...