Шымкент боксшылары Бакудегі халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері қатысып, халықаралық аренада мықтылар анықтады.

Аталған сапарға Шымкент қаласынан аттанған төрт боксшы – Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Даурен Мамыр (86 келі), Элина Базарова (54 келі) және Дина Исламбекова (+81 келі) сәтті өнер көрсетіп, барлығы жүлделі орыннан көрінді.

Әсіресе, Элина Базарова қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Санжарәлі Бегалиев те финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші сында алаң иесіне жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Даурен Мамыр мен Дина Исламбекова жартылай финалда тоқтап, қола медальды қанағат тұтты.

Айта кетейік, биылғы «Жібек жолы» турниріне 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері қатысып, халықаралық аренада мықтылар мықтысын анықтады.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...