Республикалық додадан Шымкент спортшылары үш жүлде жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Республикалық додадан Шымкент спортшылары үш жүлде жеңіп алды

Елімізде биыл спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтуде. Таяуда Қостанайда екі күнге созылған дзюдодан VI жастар спорт ойындарының жеңімпаздары анықталды.

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан, барлығы 240 спортшы қатысты. Жауапты бәсекеде Шымкент қаласының жас дзюдошылары 1 алтын, 1 күміс. 1 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, бойжеткендер арасында Гүлсезім Тұрлыбек 70 келіде жеңімпаз атанып, 63 келіде Нұрсезім Тұрлыбек қола жүлде жеңіп алды. Ал ерлер арасында 81 келіде Сапарғали Салхан күміс жүлдені иеленді.

Сонымен екі күнге жоспарланған сайыста Шымкент қаласы командасы жалпыкомандалық есепте бесінші орыннан көрінді.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...