Қазығұрт ауданында ауылдарды көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр

Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Осы ретте, аудандағы Жаңабазар ауылдық округінде абаттандыру, көгалдандыру мақсатында 300 тал көшеттері отырғызылды. Шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов бастаған аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер мен ауыл тұрғындарынан 300-ден астам адам атсалысты. Сондай-ақ, қазіргі таңда аудандағы елдімекендердің орталық көшелері, әлеуметтік нысандардың айналасы, арық-атыздар мен аяқжолдар, саябақтар мен гүлзарлардағы қоқыстар жиналуда.

Алдағы уақытта Жаңабазар ауылының тұрғындары аумақтағы саябақты ұлғайтып, оған қосымша ағаштар отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл игі шара ауылдың көгалдандыру жұмыстарын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыра түсті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...