Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді

Мемлекет басшысы Шымкентке жұмыс сапары барысында №2 Оқушылар сарайын аралап көрді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Заманауи қосымша білім беру орталығында мультимедиялық сыныптар, зертханалар, шығармашылық студиялары, коворкинг аумақтары қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балалар да емін-еркін білім алады. Нысан Президенттің 2022 жылы қалаға келген кезінде берген тапсырмасына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.

Бүгінде Оқушылар сарайында 5 мыңға жуық бала алты бағыт бойынша 65 үйірмеге қатысады. Білім беру бағдарламасы жан-жақты дамыған, жаңаша ойлайтын әрі шығармашылық қабілеті зор тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы орталықпен танысып шыққан соң оқушылармен әңгімелесті.

 

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...

Мирас университетінде бірлік пен келісім туралы кездесу өтті

Шымкент қаласы Мирас университетінде ел бірлігі мен татулығының алтын арқауын дәріптеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» ...