Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке қабылдады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.

Қабылдауға келген 12 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары жеке-жеке тыңдалып, әрбір мәселеге қатысты нақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Азаматтар тарапынан заңсыз салынған нысандарды бұзу, жер телімін заңдастыру, тұрғын үй кезегі мен баспанаға қол жеткізу, тифлопедагог мамандарының жетіспеушілігі, жұмысқа орналасу, шығармашылық кеш ұйымдастыру, мемлекеттік мұқтаждыққа алынған мүліктерді реттеу, сондай-ақ мектептегі жұмыстан заңсыз босатылу сияқты әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелер көтерілді.

Әзімбек Пазылбекұлы әрбір өтінішке мұқият назар аударып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, қалғандарына қатысты заң аясында жан-жақты зерделеу жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.

Қала басшысы тұрғындардың өтініш-тілектеріне бейжай қарамай, оларды жүйелі түрде шешу – әкімдік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы талдау топтары тұрғындар көтерген мәселелердің себеп-салдарын анықтап, олардың қайталанбауына бағытталған кешенді жоспарлар әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Ардагерлер дәрігерлердің қамқорлығында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. ...

Түркістан шаһары Пәкістанның Лахор қаласымен бауырлас қала атанды

Қазақстан мен Пәкістан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Карачи және Исламабад қалаларында арнайы кездесулер мен келіссөздер жүргізуде. Карачи қаласында Қазақстан Республикасының ...