Президентке Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды

Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Шымкент жұртшылығымен кездесу барысында шаһардың бас жоспарын қайта қарап, көлік-логистика инфрақұрылымы мен инженерлік желілерін жаңғырту туралы тапсырма берген болатын.

Мемлекет басшысына қаладағы Орталық стадионның, перинаталдық орталықтың, паралимпиадашыларға арналған спорт кешенінің, мектептердің және тағы да басқа әлеуметтік нысандар құрылысының перспективті жобалары көрсетілді.

Президентке жекеменшік тұрғын үй кешендерінің бейберекет өсуіне шектеу қойып, 2035 жылға дейін көпқабатты үйлердің үлесін 60 пайызға жеткізу жоспары жөнінде баяндалды.

Биыл шамамен 1,4 миллион шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 320 мың шаршы метрден астам пәтер мемлекеттік бюджет есебінен салынады. Қалада жаңадан «Ақжайық», «Бозарық» және «Тұран» шағын аудандары пайда болды.

Мемлекет басшысы «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенін арнайы барып көрді. Бұл жерде жыл соңына дейін 35 тұрғын үй кешені бой көтермек. Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды. Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...

Мирас университетінде бірлік пен келісім туралы кездесу өтті

Шымкент қаласы Мирас университетінде ел бірлігі мен татулығының алтын арқауын дәріптеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» ...