Ордабасыда заманауй ауылшаруашылық техникаларының фестивалі ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы агралық салаға аса мән беріп, ауыл шаруашылығының дамуына барынша қолдау көрсетіп, облыс басшылығы да өңіріміздегі аса басымдыққа ие осы саланың даму үдерісіне баса назар аударуда. Аудан экономикасының драйвері болып саналатын ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып отыруға тиіс.

Осы орайда ауданымызда аграрлық секторды дамытуға бағытталған ерекше іс-шара өтті. Бүгін аудан басшылығы «Агромаш холдинг» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ауыл шаруаларын танымал брендтегі отандық заманауи ауылшаруашылығы техникаларымен және агрегаттармен таныстыру үшін, «ЛОВОЛ ФЕСТ» (LOVOL FEST) фестивалін ұйымдастырды.

Бұл фестивальде ұйымдастырушы тараптар қонақтарды салтанатты түрде қарсы алып, ауқымды ауылшаруашылық көрмесін ұсынды. Фестивальдің ресми ашылуы аудан әкімінің алғысөзімен бастау алды. «Ата кәсібіміз — ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы аса маңызды сала екендігі баршамызға белгілі. Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті түрлі шикізатпен қамтамасыз ететін аграрлық сала ауыл жұртының тұрмыс-тіршілігінің қайнар көзі», деп сөз бастаған аудан басшысы бұл шараның Мемлекет басшысының ауыл шарушылығына жаңа технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын негізге ала отырып өткізіліп жатқанына тоқталды. Сөз соңын «Ауыл шаруашылық саласын өркендетудегі салиқалы саясатты ойдағыдай жүзеге асырып, ауданымыздың дамуына зор үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге сенім арта отырып, аймағымыздың өркендеуі жолында тер төгіп, еңбек етіп жүрген баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Табысты еңбек пен төккен тердің жемісін көруге тілектеспін!» дей келе бүгінгі бастамаға сәттілік тілеумен түйіндеді.

Келесі кезекте фестиваль қонақтарына «Агромаш холдинг» зауытының «LOVOL» брендінің ауылшаруашылық техникалары мен агрегаттары таныстырылды.

Онан соң бұл маңызды әрі ерекше фестиваль ауылшаруашылығы өнімдері презентациясы, тест драйв демонстрациялық көрсетілімі (техникалардың жұмыс істеу қауқарын іс жүзінде көрсету), мерекелік түскі ас, құнды сыйлықтар ұтысы, отандық жұлдыздардың өнер көрсетуі сынды мәнді шаралармен толықты.

Бұл шара ауданымыздағы ауыл шаруашылығына заманауй техникаларды қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Айта кетерлігі аталмыш фестиваль Қазақстанда алғаш рет өткізілді.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

Оны Түркістан әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрметпен қарсы алды. Сапар барысында қос тарап бейресми кездесу өткізіп, Түркістан қаласындағы тарихи ...

Түркістан облысында қаруды қабылдап алу акциясы басталды

Бұл жайында брифингте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биыл 21 сәуірден бастап Республика ...