Мирас университетінде бірлік пен келісім туралы кездесу өтті

Шымкент қаласы Мирас университетінде ел бірлігі мен татулығының алтын арқауын дәріптеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті.

Жиынға ҚХА жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі жетекшісінің орынбасары Артур Александрович Дрейлинг, «Возрождение» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Елена Альбертовна Мартынова, «Құрмет» орденінің иегері Шарапат Қожахметқызы Құрманбекова қатысты.

Жиын барысында спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөліне ерекше тоқталды. Түрлі ұлт өкілдерінің ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі — еліміздің басты жетістігі екені айтылды. Олар Ассамблеяның сан түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді ұлықтап, бірегей мәдени кеңістік құру жолындағы еңбегін жоғары бағалады.

Бұл басқосуды ұлт пен ұлысты ұйыстырған бірлік пен бейбітшіліктің нақты көрінісі деуге болады.

x

Check Also

Шымкент боксшылары Бакудегі халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге ...

Өрт пен газдан уланудың алдын алу шаралары: ТЖД 155 мың тұрғынмен жеке түсіндіру жүргізді

2024-2025 жылғы жылыту маусымы барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. ...