Мақтааралдық диқандар қырыққабаттың 1500 тоннасын экспорттап үлгерді

Соңғы жылдары мақтааралдық диқандар қырыққабат өсірумен ерекше көзге түсіп келеді. Жергілікті диқандардың өнімі бүкіл елге танылып, тіпті шетелдерге экспортталып жатыр. Жалпы аудан бойынша ерте пісетін қырыққабат дақылы тамшылатып суғару технологиясымен биыл 430 гектарға егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімдер жинала бастады. Қазірдің өзінде 1500 тоннаға жуық қырыққабат өнімі көршілес Рессей мемлекетіне экспортталды.

Қырыққабатты алғаш болып шығарған қожалықтардың бірі — Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елдімекеніндегі «Ережеп ата» шаруа қожалығы. Биыл қожалықта 9 гектарға қырыққабаттың пекиндік «Манако Ф-1», 3 гектарға «Фарао Ф-1» сорттары тамшылатып суғару технологиясы арқылы егілген болатын. Бүгінде пекиндік сорт пісіп жетіліп, өнім бастапқыда 250 теңгеден нарыққа шықты. Қазіргі таңда 170-190 теңге аралығында сатылуда. Аталған сорт гектарына 300 центнерден өнім беруде.

Ал Мақтаарал ауылдық округі Н.Есентаев елдімекенінде орналасқан «Агрогруз» өндірістік кооперативі қырыққабат қабылдау бекетін ашып, өнімді тікелей Ресейге жөнелтуде. Ауданда апта соңына дейін қызылша өнімі де нарыққа жол тартатын болады. Н.Есентаев елдімекеніндегі «Сабыр» шаруа қожалығына қарасты 35 гектар жердің 7 гектарына қызылша, 10 гектарына қырыққабат, 13 гектарына қауын егілген. Қызылша бірер күнде пісіп жетіліп, қожалық басшысы өнімін 300 теңгеден саудалауды көздеп отыр.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында мақта егу науқаны да басталды. Биыл 35 мың гектардан астам алқапқа мақта дақылын егу жоспарланған болса, қазірдің өзінде 4 мың гектар алқапқа мақта шиті себілген. Оның ішінде 800 гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясы арқылы егілетін болады. Сонымен қатар, қырыққабат, бақша және күріш дақылдарына да тамшылатып суғару технологиясы енгізілуде. Мақтаны тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп жатқан қожалықтардың бірі — Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Өнімкер елдімекенінде орналасқан «Согдиана» шаруа қожалығы. Онда отандық «BNK group» компаниясымен келісім-шартқа тұрып, 11,4 гектар аумаққа жаңа су үнемдеу технологиясын ендіріп жатыр. 1 гектарға 900 мың теңге шығын кетірсе, кеткен шығынның 80 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

Оны Түркістан әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрметпен қарсы алды. Сапар барысында қос тарап бейресми кездесу өткізіп, Түркістан қаласындағы тарихи ...

Түркістан облысында қаруды қабылдап алу акциясы басталды

Бұл жайында брифингте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биыл 21 сәуірден бастап Республика ...