Кітап – ұлттық құндылық

Қазақ халқы ежелден-ақ сөзге тоқтаған, сөзге жүгінген, жыр мен әңгіме арқылы өзіндік болмысын сақтаған халық. Кітап – сол ұлттың сан ғасырлық жады, рухани мұрасы, мәдени кодын келер ұрпаққа аман жеткізер сенімді көпір.

«Халықты кітаппен тәрбиелеу – ұлттың болашағын тәрбиелеу» деп ой түйген көрнекті ғалым Мұхтар Әуезовтің пайымымен қарасақ, кітап – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Ұлы даланың ұлы есімдері – Абай, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Міржақып, Мұстафа сынды алыптарымыз кітап арқылы жаңа ұрпаққа ұлттың ұлы мұратын жеткізді. Сондықтан, «Кітап – ұлттық құндылық» деген сөз – жай тіркес емес, ұлттың өркениеттік коды.

Бүгінгі цифрлық дәуірде бұл құндылық жаңа сипатқа ие болып отыр. Елімізде қолға алынып жатқан ақпараттық теңдік ұғымы – рухани жаңғырудың, өркениетке бет алған елдің басты нышандарының бірі. Ақпараттық теңдік – әр азаматтың көзқарасына, мүмкіндігіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім мен мәдениетке, ақпарат пен технологияға еркін қол жеткізуі. Бұл – өркениетті қоғамның іргетасы.

XXI ғасырдың кітапханасы – тек қана оқу орны емес, мәдени, әлеуметтік, цифрлық инклюзия кеңістігі болуы тиіс. Мұндай кеңістік тек заманауи жабдықтармен ғана емес, ұлттық рухпен де толықтырылуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын – тілі» дегені секілді, кітапхана – тіл мен ділдің, ұлттың рухани иммунитетінің тірек нүктесі болуға тиіс.

x

Check Also

Түркістандық 10 оқушы Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының білім грантын жеңіп алды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ректорының гранты ...

«Табиғатты аялау – ұрпаққа үлгі»: Таза қала – мәдениетті қоғамның айнасы

«Таза Қазақстан» акциясы елімізді экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған ауқымды бастама. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып, ел ...