Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді — Xnews — ақпарат агенттігі

Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен бокс кешінде IBF рейтингіндегі 7-орындағы француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді. 

Бірінші раундтың соңында қазақстандық чемпионың жойқын соққысы дәл тиіп, қарсыласы еденге құлады. Төреші нокдаунды есептеді.  Содан кейін раундтың аяқталғанын білдіретін гонг соғылды.

Үшінші раундқа қарай рингтегі жағдай теңесіп, Нгамиссенге бірнеше қауіпті қарымта шабуылдар жасады.

Алайда бесінші раундта жеңіліс көрмегенқазақстандық чемпион Әлімханұлы қарсыласын түбегейлі нокаутқа жіберді. Бұл жеңіс боксшының кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісі болды.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...