Дала батыры атанған дара балуанға 154 жыл!

Ауданымызда мемлекет басшысының біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету туралы бастамасы аясындағы жұмыстар үзбей жүзеге асырылуда.

Бүгін аудан орталығындағы Қажымұқан атындағы облыстық мәдени спорт музейінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толуына байланысты «Қажымұқан — әлем таныған тұлға» тақырыбындағы мәдени іс-шара өтті.

Мәдени шара балуан бабамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімімен бастау алды. Арнайы рәсімнен кейін аудан әкімі Азат Оралбаев сөз сөйлеп, алып тұлғаның ерлік еңбектерін еске түсіріп, аудандағы күш атасын дәріптеу мақсатындағы спорттық мәдени шараларға тоқталды. Палуан атамыздың атағын паш етуде айрықша айтатын жайт Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы алып ғимарат мәдени-спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ашылуына санаулы күндер қалғанын атап өтті.

«Баршамыз жақын арада осы алып ғимараттың ашылу салтанатында айтулы күнде бас қосатын боламыз» деп сөзін түйіндеді.

Содан кейін Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және спорт қайраткерлері, ауыл ардагерлері баба өнегесі жайлы өрнегін келтіре лебіз бөлісті. Алып атамыздың ұрпағы Ескермес Меруерттің палуанның өмір тарихына арналған баяндамасы ерекше әсерлі болды.

Сонымен қатар күйші Қасымбек Сарымбетовтің бабамызға арналған «Қажымұқан» сазды күйінің тұсауы кесіліп, күй авторына сөз берілді.

Жиын бүгінде бабамызға арналған әнұран іспеттес, сөзі мен әнін ауданымыздың құрметті азаматы Құрманәлі Жылқыбай жазған «Қажымұқан» әнімен түйінделді.

Мәдени жиын аяқталған соң атақты бабабамыздың рухына арнап ас берілді.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

© «Айғақ» телеарнасы

x

Check Also

«Серпін» бағдарламасымен 800-ден астам Түркістандық түлек грантқа түскен

«Serpin Way» автобусымен еліміздің оңтүстік өңірлеріне кәсіптік бағдарлау туры өтеді. Бұл жайында брифингте М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Қанат ...

В Туркестанской области граждане и полиция объединились в борьбе с наркотиками

В рамках поручения Министерства внутренних дел Республики Казахстан полиция Туркестанской области предприняла важный шаг в борьбе с наркопреступностью. При Департаменте ...