Ардагерлер дәрігерлердің қамқорлығында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті.

Аурухананың бас дәрігері Динара Ақәділқызы бастаған ақ желеңділер Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина Егоровна мен тыл еңбеккері Дуликова Нина Степановнаны мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара аясында ардагерлердің денсаулық жағдайы тексеріліп, медициналық кеңестер берілді.

– Қарт майдангерлер сұрапыл соғысты бастан өткеріп, одан кейінгі жылдары да қажырлы еңбектерімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған жандар. Ардагерлердің саулығы – біздің басты назарымызда. Біз оларды тек мереке қарсаңында емес, күнделікті қолдауға дайынбыз. Бүгінгі жастар үшін бұл кісілердің өмір жолы – үлкен тағылым, – деді аурухананың бас дәрігері.

Медицина қызметкерлері қариялардың өмір тарихын тыңдап, мерекелік сыйлықтарын табыстады. Ардагерлер өздеріне көрсетілген ықылас пен қамқорлыққа алғыстарын айтып, Жеңіс мерекесі қарсаңында ескерусіз қалмағандарына қуаныштарын жеткізді.

x

Check Also

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қалдықараев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ...

Кітап ақыл нұры.

Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін қоғамда ...