Туылған сәтте жүрегі тоқтап қалған: Дәрігерлер ауыр жағдайдағы сәбиді аман алып қалды

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева «Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі» диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды.

Бірақ туылған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде сәбиге алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды.

Қазір бала мен оның анасының жағдайы жақсы. Сәбидің денсаулығы жақсарғаннан соң екеуі де үйге шығарылды.

Нәрестенің анасы, жоғарғы деңгейдегі жұмыс үйлесімін көрсетіп, перзентін ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі 8 наурызда, орталықта 21 бала туылды. Оның 14 ұл бала болса, 7 қыз нәресте.

x

Check Also

Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы абаттандыру жұмыстары: ағымдағы жылы 33 балалар ойын алаңшасы салынады

Әл-Фараби ауданы – Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан әрі оның басты әкімшілік және мәдени тірегі саналады. Жалпы аумағы 19 880 ...

Шымкент: Еңбекші ауданында инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік жағдайды жақсарту басты назарда

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты алып жатыр, халық саны 228 830 адамды құрайды. Ауданның құрамында 18 тұрғын ...