Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Көктемнің алғашқы күні — Алғыс айту мерекесі қарсаңында Түркістанда тал егу шарасы өтті.

Бекзат саябағында өткен шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен құқық қорғау органдарының өкілдері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары және белсенді жастар қатысты.

Сенбілік аясында 1500 адам тазалық жұмыстарына қатысып, 32 техника жұмысқа тартылып, жалпы көлемі 100 тоннаға жуық қоқыс тазаланды. Сонымен қатар, 5130 түп ағаш көшеттері отырғызылып, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстары Отырар тұрғын алабына қарасты 33 көшеде, сондай-ақ Тікұшақ алаңы мен саябақтарда жалғасты.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...