Түркістан облысының 2000-нан астам оқушысы «Iqanat» олимпиадасына қатысады

Түркістан облысының 2000-нан астам ауыл оқушысы республикалық «IQanat» Олимпиадасына қатысады. Бірінші турдан сәтті өткен білімділер Қазақстан бойынша ақтық сынға өткен 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы тістілеуден өтпек.

Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы болмақ. Жаңа бастама нәтижесінде, жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі. Айта кетейік, емтиханға қатысушылар тек тестілеуге ғана қатысып қоймай, тренинг, квест секілді командалық ойындар мен шараларға қатысады. Балаларға 11 тәлімгер мен «IQanat» жобасының 7 қатысушысы көмектеспек.

«IQanat» олимпиадасы — жыл сайын ауылдардан 50 000-нан астам 8-сынып оқушылары қатысатын ауқымды жоба. Олимпиада қатысушыларының 70%-ы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. Жобада жеңімпаз атанған оқушылар Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...