Шымкенттік балуан Омар Сатаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Отандасымыз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден Установить изображение записижеңіліп қалды. Есеп: 1-3.

Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілін Вусёнг Кангты 11:0 және Жапония балуаны Тайцо Юшидоны 10:0 есебімен жеңген болатын.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі.

Ал Омар осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Осымен грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар. Шымкенттік балуандар екі күміс олжалады, бұған дейін аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Әлімхан Сыздықов күміс жүлде жеңіп алған болатын.

x

Check Also

Наурыз, Наурыз Алты Алашқа қош келдің!

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарының халқы Наурыз мерекесін қасиетті Ораза айтпен бірге атап өтті. Көктем мен ...

Шымкент: 2025-2027 жылдарға арналған бюджет нақтыланды

Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылған ...