Шымкент дендросаябағы жаңа өсімдіктермен толығады

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет іс-сапармен барып қайтты. Қызметкерлер әйгілі саябақтың ғылыми жұмыстарымен танысып, гендік қорды көбейту бойынша тәжірибе алмасты.

Бізде кездеспейтін интродукциялық 84 түрлі ағаш-бұталардың жасыл қаламшалары мен 7 ағаш-бұта тұқымдары әкелінді. Сонымен қатар, оранжерияда өсетін 6 түрлі субтропикалық өсімдіктің — пальма, фикус, фикус бенджамин, шеффлерa, папоротник, плющ, вилица қаламшалары жеткізілді.

Қазір қаламшалар жылжайда егілуде. Бұл өскіндер жерсінген жағдайда дендрологиялық саябақтағы ағаш түрлері 91-жетеді. Алдағы уақытта саябақта жасыл желекті көбейту мақсатындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...