Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ.

Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы абаттандыру жұмыстары: ағымдағы жылы 33 балалар ойын алаңшасы салынады

Әл-Фараби ауданы – Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан әрі оның басты әкімшілік және мәдени тірегі саналады. Жалпы аумағы 19 880 ...

Шымкент: Еңбекші ауданында инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік жағдайды жақсарту басты назарда

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты алып жатыр, халық саны 228 830 адамды құрайды. Ауданның құрамында 18 тұрғын ...