Шымкент: Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол салынады.

Қазір 268 көшеге жарық жүйесін орнатудың бірінші кезеңі басталды. Биыл аудан көшелерін 100 пайыз жарықтандыру жоспарлануда. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Өткен жылы 254 көше жарықтандырылып, 23 көшенің бойына 10 шақырым аяқжол салынған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда жоспар аясында кезең-кезеңімен атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешенінде алғашқы қызанақ өнімі жиналды

Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешенінің ашылуы аясында алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қала әкімінің ...

Ұлттық киім – ұрпаққа мұра

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Ұлттық киім үлгілері дәріптелген іс-шараға жергілікті ...