Сауранда «Этно fest» ұлттық киім шеруі өтті

Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күніне орай Сауран ауданында «ЭТНО FEST» ұлттық киім шеруі ұйымдастырылды.

Шара — ұлттық киімді ұлықтап, жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ, ата-баба мұрасын сақтау мен дәріптеуге бағытталған. Шеруге зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты әжелер, ақсақалдар, Сауран ауданы әкімдігінің қызметкерлері, қоғам белсенділері мен мәдениет саласының өкілдерінен жалпы 500 адам қатысты.

Қатысушылар сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық шапан, камзол, сәукеле мен тақия киіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаңғыртты. Ұлттық нақыштағы киім үлгілері шерудің айрықша сәнін келтірді. Шара соңында аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Ергешбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық дәстүрді дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде қазақ халқының киім үлгілері – тек сәнді киім ғана емес, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тарих пен мәдениеттің айнасы екенін айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...