Азаматтардың 70%-ы елдің даму бағытын оң бағалайды – әлеуметтік сауалнама

Халық саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр.

Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды. Негізінен ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) мен әйелдер (72,2%) осындай пікірде. Халық саяси (76,5%) және әлеуметтік-экономикалық (67% ) жағдайға қалыпты оптимистік баға беріп отыр.

Бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады. Қоғамдық-саяси салада азаматтар ауыл-аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды. Сайлау жүйесі ашық бола түсті. Конституциялық сот қалпына келтірілді. Гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік берді.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласының қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдардың зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.

Жалпы сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттерді 89%-ы өз көңіл-күйін оң бағалайды. Негізінен 18-35 жас аралығындағы жастар, бойдақтар, отбасылы адамдар, жоғары білімі бар адамдар позитив көңіл-күйде.

x

Check Also

Более 70% опрошенных считают, что страна развивается в правильном направлении

По результатам исследования Института общественной политики свыше 70% респондентов считают, что Казахстан развивается в правильном направлении. Такое мнение в большей ...

Жерлестеріміз Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ...