Амал мерекесі — береке мен ынтымақтың бастауы

Наурыз мейрамының бастауы көрісуден басталады. Бұл кез — адамдардың бір-бірімен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ.

Хакім Абай айтқандай «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып», өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру.

Сондай-ақ, бұл күні ел бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп құттықтасады. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп, кәде-сый жасап, көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуін қуанышпен бөліседі.

Ендеше, береке мен бірліктің, ынтымақтың бастауы болған «Көрісу күні – Амал мерекесі» құтты болсын!

x

Check Also

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді – өңірлерде жәрмеңкелер көбейеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және бағаның өсімін ...

ТОО «Пакетная фабрика» получило льготное финансирование на развитие переработки бумаги

АО «Жасыл даму» предоставляет финансирование в виде займов под 3% годовых сроком до 15 лет с отсрочкой по выплатам до ...