2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді.

Негізгі өзгерістер міндетті тіркеуді қамтиды,көрсетілген күннен бастап мопедтерді пайдалану оларды полиция органдарында тіркегеннен кейін ғана мүмкін болады.Сонымен қатар мопедті басқару үшін А1,А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы қажет,сонымен қатар көлік құралы техникалық тексеруден өтуі керек.

Мотокөлікті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат,көлік құралына арналған құжаттар,мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек болуы қажет.

5 сәуірден бастап мопедті тіркеусіз, жүргізуші куәлігінсіз немесе техникалық тексеруден өтпей басқару Заңды бұзу болып саналады және әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Айта кетейік,жаңа ережелер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және мотоцикл құралдарын пайдалануды бақылауды жақсартуға бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...