Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: Тағзым және тағылым

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтпек. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, еліміздің барлық өңірлерінде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу және батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес, мерекелік шараларды өткізуге мемлекеттік мекемелермен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдары да белсенді атсалысуда.

Мәселен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 күн – 80 игі іс» атты бастаманы қолға алды. Бұл жоба алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 9 мамырға дейін күн сайын түрлі іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, ардагерлермен кездесулер, тәлімгерлік сабақтар, дөңгелек үстелдер, поэзия кештері, фотокөрмелер және спорттық жарыстар жоспарланған.

Жобаға университет ректоры, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма Төрағасы – ректоры Дархан Ахмед-Заки өз сөзінде оқу орнының тарихына тоқталып, соғыс жылдарындағы ерекше деректерді атап өтті.

– Біздің университетіміз сұрапыл соғыс жылдары, 1943 жылы құрылды. Оның алғашқы түлектерінің бірі, №1 диплом иегері – ұлағатты ұстаз Анатолий Александрович Балакирев Отан қорғау жолында ерлік көрсетіп, «Батылдығы үшін» және «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Ол осы оқу ордасында білім алып, кейіннен проректор қызметіне дейін көтерілді. Сондай-ақ, университет қабырғасында бірнеше соғыс ардагері ұстаздық етті, – деді Дархан Жұмақанұлы.

Бұл бастама жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, ардагерлер ерлігін ұлықтауға және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған.

x

Check Also

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің ...

Тұрғын үй сертификаттары және «Қамқор» өңірлік бағдарламасы

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй ...