Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім

Бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен шаһардағы зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті.

Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

«Түркістанның ұстанымы – ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім» кездесуінің басты міндеті елдегі бірлік пен тыныштықты сақтау. Қоғамдағы өзекті мәселелерді саралап, олардың алдын-алу, түйіткілді мәселелердің шешілуі бойынша тұрақты түрде кеңес өткізіп, жүйелі жұмыс жүргізу.

​Біз – көпұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс.

Түркістан қаласы — рухани, киелі орта, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан мекен. Соған лайық болуымыз керек» — деп атап өтті Әзімбек Пазылбекұлы.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...