Түркістанда тазалық жұмыстары күшейтіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда тазалық жұмыстары күшейтіледі

Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжілісте биылғы жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылатын жұмыстар мен қала аумағындағы тазалық барысы талқыланды.

Жыл басынан бері полиция басқармасымен бірлескен шаралар нәтижесінде: қоғамдық орындарды ластаған — 1300 құқық бұзушылық, абаттандыру қағидасын бұзған – 88, жол жабындысын ластаған — 456 құқық бұзушы анықталған.

Сонымен қатар, қала төңірегіндегі аймақтарды қоқыс алаңына айналдырған 1 жеке кәсіпкер мен 2 жеке тұлғаның құқық бұзушылық әрекеті анықталып, жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлға Бірлік секторында «Howo» жүк көлігімен қоқыс тастағаны анықталып, Әкімшілік кодекстің 505 бабымен айыппұл салынып, айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ, Отырар секторы, Жаңа қала м/а, 9 көшенің оң жақ жазық аймаққа «Howo» жүк көлігімен қоқыс тастаған, жеке кәсіпкер ГҮЛНҰР ЖШС-не қатысты, Әкімшілік кодекстің 505 бабымен 78.640 теңге айыппұл салынып, айыптұраққа қойылды. Тағы бір жеке тұлға «Howo» жүк көлігімен қоқыс тастап, Әкімшілік кодекстің 434-2 бабымен, айыппұл салынып, айыптұраққа қойылды.

Бүгінде қала аумағындағы анықталған 6 жазық аймақтарды ластаудың алдын алу бағытында аумақтық учаскелік инспекторлары мен ППБ қызметкерлері 6 автоэкипаж күндізгі және түңгі уақыттарда шолу жұмыстарын жүргізуде.

Әзімбек Пазылбекұлы алдағы уақытта тазалық жұмыстарымен қатар, қауіпсіздік жұмыстарын да жіті бақылауды, әсіресе ретсіз жарнамалар мен заңсыз құрылыс нысандарына бақылау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

— Қала аумағындағы барлық мекемелер сенбілік жұмыстарын өз ауласынан бастау қажет. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастыру бағытында бірінші кезекте сенбілік ұйымдастыруды қажет ететін аумақтардан бастау қажет. Заңсыз полигондарды тазарту және жаңа полигон көздерінің ашылмауын қатаң бақылау қажет. Сондай-ақ, қоқыс тасымалдап, заңсыз карерь қазып, қаланы ластайтын азаматтарды дер кезінде анықтап, заң аясында шара көрілсін -деп тапсырды қала әкімі.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...