Түркістанда су тасқынына қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен «Көктем-2025» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.

«Дабыл-1001» сигналы бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқару штабы құрылып, барлық азаматтық қорғау күштері мен басқару органдары жоғары дайындыққа жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында су тасқыны қаупі бар аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша шаралар пысықталды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 
x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...