Түркістан: Шардарада барлық ауыл округтерді қамтыған эко-марафон өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен өңірдің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында Эко-марафон басталған болатын.

Шараны аудан басшысы Арман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты. Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, марафон барлық ауылдық округтерге жолданды. Нәтижесінде аудандағы 10 ауылдық округте жалғасын тапты. Жалпы 11 күнге созылған шара бүгін Достық ауылдық округінде қорытындыланды. Оған ауданның барлық ерікті жастары мен тұрғындар атсалысты.

Жалпы Эко-марафонға қала, ауыл округтерден 1000-нан астам ерікті жастар қатысып, 14 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 18 шықырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...