Түркістан қаласына дүниежүзі қолөнершілері келді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласына дүниежүзі қолөнершілері келді

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілер мен қолөнерді біріктіруші – «World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшыларымен кездесті.

Түркі елінің астанасы – Түркістанның тарихымен танысу үшін Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев пен сарапшылары Сохан Кумар Джа Үндістаннан, Махоотчиан Ялда Түркиядан, Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша вице-президенті және сарапшысы Ле Ба Нгок арнайы келді. Басқосуда сарапшылар қаланың қолөнер саласының дамуымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуы үшін атқарылатын жұмыс бағыттары мен саладағы ынтымақтастық жайы талқыланды.

Әзімбек Пазылбекұлы сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті мен өнері ұштасқан қасиетті шаһар туралы баяндап, «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алудың маңызына тоқталды.

– Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болып, ежелден қолөнердің дамуына үлкен үлес қосқан Түркістан бүгінде «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуға ниетті. Бүгінде қаламыздың қолөнер саласы өзінің терең тамыры мен ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, заманауи үрдістермен үйлесімді дамып келеді. Түркістандық шеберлер жасаған керамикалық бұйымдар өздерінің әсемдігімен, нақышты өрнектерімен және сапасымен ерекшеленеді. Алдағы уақытта қолнершілерді қолдауға бақытталған үлкен жобаларымыз бар, – деді қала басшысы.

Өткен жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі ұйымының 31 мүшесі Түркістан қаласына арнайы келіп, жергілікті қолөнершілердің жұмысына жоғары баға берген болатын. Осыған орай, Түркістан қаласы аталған ұйымға мүше болуға өтінім берген. Бүгінде қала әкімдігі қолөнер шеберлерін қолдауға, олардың еңбектерін халықаралық деңгейде танытуға бағытталған түрлі бастамалар мен жобаларды жүзеге асыруда.

Басқосуда Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев қала әкіміне алғыс айтып, Түркістанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді. Түркістанның «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алу ортақ мақсат екенін жеткізіп, осы жолда бірлесіп жұмыс істеуге ниетін білдірді.

Бұл кездесу Түркістан қаласының мәдениеті мен қолөнерін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...