Түркістан облысында 7 мыңнан аса ардагер демалыс орындарына жолдама алған

Түркістан облысында 2024 жылы 7 188 азамат «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде демалуға жолдама алған.

Оның ішінде 161-і ҰОС теңестірілген азаматтар. Бүгінгі таңда өңірде 9 ҰОС ардагері, 3 092 тыл ардагері және 277 соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары мен 99 соғыс кезіндегі жалдамалы құрамның азаматтары бар.

Айта кетейік, облыста жалпы саны 197 818 зейнеткер тұрады. Оларды жыл сайын түрлі демалыс орындары мен емдеу нысандарына жіберу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...