Түркістан: Мопедті тізгіндеушілерге талап күшейтілді

ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қозғалтқыш көлемі 500 см3-тан төмен мопедтер механикалық көлік құралдарымен теңестірілді. Енді мопедті пайдалану — тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығының басшысы Бақытжан Мейірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жеріңіздегі арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз қажет. Түркістан облысындағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары Түркістан қаласында, Сайрам және Сарыағаш аудандарында орналасқан. Жалпы тіркеуден өту үшін бірнеше құжаттарды дайындаса жеткілікті»- деді спикер.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Осыған орай, мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес берілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...