Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылында колледж студенттері зауытта іс-тәжірибен өтіп жатыр

Елімізде 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға негізделген. Осы ретте Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік тәжірибелерін «Turkestan Textile» ЖШС мекемесінде өткізуде. Серіктестік директоры Әлішер Абултаев оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық жалғасатындығын жеткізді.

Бүгінде еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытудың енгізілуі — маман даярлау үшін маңызды болып отыр. Студент қатарында жүріп өзін жұмыс орнында сынақтан өткізу арқылы болашақ мамандар өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Мереке қарсаңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов соғыс жылдары тылда еңбек еткен ...

Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы ...