Түркістан: 112 кәсіпкерлік нысанға ескерту берілді

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде қала аумағындағы құрылысы жүріп жатқан кәсіпкерлік нысандарының жағдайы, қасбеттерін ретке келтіру және қоғамдағы саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен қала идеологиясын дамытуға қатысты маңызды мәселелер тыңдалды.

Бүгінде қала аумағында кәсіпкерлік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде, қазіргі уақытта қалада жаңа бизнес орталықтар мен өндірістік нысандардың салынуы экономикаға оң әсерін тигізіп отырғанын атап өтті. Алайда, кейбір құрылыс алаңдарының сапасы мен құрылыс жұмыстарының мерзімінде аяқталуы мәселелері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Сонымен қатар, қала аумағында кейбір кәсіпкерлік нысандардың алдыңғы қасбеті ғана істеліп, жан-жақтарын соңына дейін жасамай, қала көркін құртып тұрған нысандар көптеп кездеседі.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жүргізілген монитроинг жұмыстарының нәтижесінде қаланың орталық көше бойындағы 112 нысан қасбеті толық аяқталмай, пайдаланып жатқандығы анықталған.

Анығында, Тәукехан даңғылы – 30 нысан, С.Қожанов көшесі – 16 нысан, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі – 17 нысан, С.Ерубаев көшесі – 13 нысан, Жібек жолы даңғылы – 4 нысан, т.б.

Аталған қасбеттері толық әрленбеген кәсіпкерлік нысандарының ішінен 19 нысанның қабылдау актісі рәсімделмесе де пайдалануда екені белгілі болып, облыстық бақылау жөнінде басқармасына тиісті шара қолдану үшін жолданған.

Қалған 93 нысан бойынша қасбетінің бір бөлігі аяқталмай, яғни құрылыс нысаны қабылдауға әзір болмаса да 2017-2022 жылдары аралығында қабылдау актілері рәсімделгені анықталды.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізуші компаниялардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартты. Алдағы уақытта кәсіпкерлік нысандардың сапалы әрі уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету үшін барлық тараптардан бақылау күшейтіліп, жаңа құрылыс нысандарын салу кезінде экологиялық стандарттарға сай екендігіне ерекше назар аударылмақ.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

«Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» форумында тарихи шаһардың туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм ...

Түркістанда 2025 жылдың туристік маусымы ашылды

«Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды. Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және ...