Шымкенттің шағынаудандары заманауи инфрақұрылыммен қамтылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкенттің шағынаудандары заманауи инфрақұрылыммен қамтылуда

Шымкент қаласында шағынаудандарды және әлеуметтік нысандарды инженерлік коммуникация желілерімен қамту жұмыстары биыл да жалғасады.

2025 жылы Тұран шағынауданында барлығы 13 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген. Қазіргі уақытта «Энергомера» ЖШС тарапынан 4 көшеде жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар 2025 жылдың қыркүйегінде орындалады.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы тарапынан биыл Ақжайық, Азат шағынауданын электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, «Тассай», «ТЛЦ» индустриялық аймағында, «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-не электр желілерін тарту, «Ақжар» 110/35/10 кВ ҚС салу жұмыстары атқарылады. Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекені, Құрсай, Қайтпас-1 — Тұран шағынауданының жаңақұрылыс аумағы электр жүйелерінің және Тұран шағынауданын жарықтандыру жүйелерінің жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде 81 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылған. Былтыр электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылысы жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...